АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған республикалық маңызы бар жолдар ашылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ұлттық операторы.
Бүгін түнде республикалық маңыздағы жолдарды қардан тазалауға 162 қызметкер және 103 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
Сондай-ақ көктайғаққа қарсы 647 текше метр материал жұмсалды.
23 қазанға қараған түні елдің солтүстігінде қатты қар жауған еді. Соған байланысты Ақмола облысында алты жол учаскесінде:
Астана-Петропавл 304-341 км аралығы;
Көкшетау-Рузаевка 0-61 км аралығы;
Көкшетау қаласының айналма жолы 0-18 км аралығы;
Көкшетау-Омбы 2-50 км аралығы;
Көкшетау-Атбасар 0-48 км аралығы;
Астана-Петропавл 231-304 км аралығы (Щучинск қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі учаске) қозғалыс тоқтатылған болатын.
Ал Солтүстік Қазақстан облысында мына үш жол учаскесі жабылды:
Астана-Петропавл 341 -392 км (Ақмола облысы шекарасынан Рощинское ауылына дейін);
Көкшетау-Рузаевка 61-196 км (Ақмола облысы шекарасынан Рузаевка ауылына дейін);
Көкшетау-Омбы 50-85 км (Ақмола облысы шекарасынан Чекалов ауылына дейін ).