Ақтөбе облысында жеке үйлердің бірінде газ жарылып, төрт адам зардап шекті

Sputnik
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Ақтөбе облысының Ақкемер ауылында жеке тұрғын үйде газ жарылды.
Ақтөбе облысында жеке тұрғын үйде газ жарылды
"Жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, одан кейін 10 шаршы метр аумақта (үйдің жалпы ауданы 31 шаршы метр) қабырғалар жартылай опырылып, шатырда өрт шықты. Соның салдарынан төрт адамды күйік шалды. Жағдайы тұрақты", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов.
Ақтөбе облысында жеке тұрғын үйде газ жарылды
Оның айтуынша, құтқарушылар үйден сыйымдылығы 50 литрлік 2 тұрмыстық газ баллонды шығарған. Өрт сағат 13:30-да жалпы ауданы 15 шаршы метр аумақта сөндірілді. Газдың жарылу себебі анықталып жатыр.