Өңірлер

Мереке қарсаңында ақмолалық полицейлерге 47 жаңа автокөліктің кілті табысталды

Sputnik
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Республика күні қарсаңында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев полиция департаментінің қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен автопарк 47 жаңа көлікпен толықты. Соның ішінде 40 "Chevrolet Cobalt" маркалы автокөлігі бар.
"Оның 30-ы құқық қорғау органдарының негізгі буыны саналатын және халықпен тікелей жұмыс жүргізетін патрульдік полиция бөлімшелері мен учаскелік полиция инспекторларына арналған", - делінген хабарламада.
Тағы 10 автокөлік әртүрлі жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін ведомствоның жедел қызметтеріне беріледі. Сонымен қатар "Jac" маркалы 5 автозакты айдауыл қызметінің бөлімшелері алды.
Жаңа автокөліктердің кілті салтанатты түрде арнайы жедел әрекет ету жасағына табысталды.
Автокөліктер белгіленген стандартқа сай, қажетті техникалық құралдармен жабдықталған.
Маржықпаев полицейлерге қызметі үшін алғыс айтты. Өңір басшысы жергілікті атқарушы органдардың тұрақты қолдауы өңірдегі криминогендік жағдайдың жай-күйіне оң әсер ететінін атап өтті.