Өңірлер

Алматыда колледж студенттері төбелесіп қалды

Sputnik
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Алматы полициясы жас жігіттер арасындағы жаппай төбелестің жолын кесті.
Полицияға Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында төбелес болып жатқаны туралы хабар түскен.
"Оқиға орнына бірінші болып патрульдік полиция экипажы аттанды. Олар төбелесті тоқтатты. Тексеру барысында екі колледждің студенттері арасында жанжал шыққаны анықталды. Себептері анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Текетіреске қатысқан әрбір адамның әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңға сәйкес шара қабылданады.
Павлодардағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды