АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты концертті тамашалады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мерекелік іс-шара "Астана Опера" опера және балет театрында өтті.
Концертте отандық танымал өнер жұлдыздары, опера әншілері, хореографиялық топтар, сондай-ақ симфониялық оркестр өнер көрсетті.