Талдықорғанда газ жарылды: зардап шеккендер бар

Sputnik
АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Талдықорған қаласында табиғи газ жарылып, нысан қирап қалды, деп хабарлайды төтенше жағдайлары қызметі.
Оқиға 22 қазанда сағат таңғы алтыда Желтоқсан көшесінде орналасқан ЖШС аумағында, жеке тұрған күзетшінің үйінде болған. Төтенше жағдайлар қызметінің жедел нөмеріне газ-ауа қоспасының лап етуі орын алғаны туралы хабарлама түскен.
Салдарынан 50 шаршы метр алаңда қабырға мен төбе опырылып, заттар өртеніп кетті. Оқиға салдарынан 1982 жылы туған күзетшінің қолы мен беті күйіп қалды жағдайы тұрақты.
Оқиға орнында ТЖД мамандары, Талдықорған қаласы полиция басқармасы, сондай-ақ "ҚазТрансГаз Аймақ" газ қызметінің мамандары газдың ағып кету себебін анықтап жатыр.