АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. 18 қазанда Сәтбаев қаласының тұрғынын өлтіруге оқталумен ұштасқан бұзақылық фактісінен кейін ІІМ-де жедел-тергеу тобы құрылып, өңірге практикалық көмек көрсету үшін арнайы жіберілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған қылмысты жасады деген күдікпен 5 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жанжалдың себептері анықталды, қылмыс құралы тәркіленді.
Сонымен қатар қалада “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оның шеңберінде қоғамдық орындарда және көшелерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыс жандандырылды, ойын-сауық мекемелерінің маңында және азаматтардың көп жиналатын басқа да орындарында патрульдеу ұйымдастырылды. Атыс қаруының иелері тексерілді. Оны сақтау шарттарын бұзудың 23 фактісі анықтал