АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Қызылорда облысының 25 жастағы тұрғыны ҰБТ-дан 130 балл алам деп 2 млн теңгесінен айрылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алданған тұрғын Тасбөгет полиция бөліміне арызданған. Осы жылдың мамыр айында күдікті жәбірленушіге ҰБТ-дан 130 балл алып беремін деп сеніміне кіріп алдап, екі миллион теңге қаражатын иемденген.
Қызылордалық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған қала тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. 47 жастағы күдікті әйел жалған ақпарат беріп, алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.