АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Қытайдың бұрынғы басшысы Ху Цзиньтао Қытай коммунистік партиясы 20-шы съезінің жабылу салтанатында залдан ертерек шығып кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Желіде жарияланған видеодан Қытайдың қазіргі басшысы Си Цзиньпиннің қасында отырған 79 жастағы Ху Цзиньтаоға бетперде киген қызметкер жақындап, оған бірдеңе айтып, қолынан ұстап, орнынан тұрғызуға тырысып жатқанын көруге болады.
Бейнежазбаға қарағанда, бұл Цзиньтао үшін күтпеген жағдай болған. Ол алдымен қасында отырған Си Цзиньпиннен не болғанын сұрап, ешқайда кеткісі келмейді. Алайда Қытайдың бұрынғы басшысын көпшілік алдында отырыс залынан қолтықтап алып шыққан.
Бұған не жағдай себеп болғаны хабарланбады.
Еске сала кетейік, Ху Цзиньтао 2003-2013 жылдар аралығында Қытайды басқарып, екі бес жылдық мерзімнен кейін билікті Си Цзиньпинге тапсырған болатын. Ол қазіргі ел басшысының қарсыласы саналады.