АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Қазақстан азаматтары президент сайлауына шетелде қатыса алады, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
"Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 53 шет мемлекетте 68 сайлау учаскесі құрылды. Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және Қазақстан азаматының жарамды паспорты бар азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады", - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде дауыс беру сайлау туралы заңға сәйкес жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.