SMS-хабарлама алатын азаматтар шұғыл тіркеуді ауыстыруы қажет

Sputnik
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрліге бүгіннен бастап тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтарға SMS-хабарлама жіберілетінін хабарлады.
"Eгер сізге осындай SMS-хабарлама келсе, онда ішкі істер министрлігінің дерекқорында сіздің тіркелуіңіз туралы мәліметтер жоқ. Сондықтан сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелу қажет", - дейді мамандары.
Осы орайда министрлік тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін әкімшілік жазаның бар екенін еске салды.
Атап айтқанда, 10 күннен 1 айға дейінгі мерзім болса, ескерту жасалады. Ал 1 айдан асқан жағдайда 7 айлық есептік көрсеткіш (21 441 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған
Айта кетері, тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі “Электрондық үкімет” порталында, сондай-ақ “Halyk Bank” АҚ-нің – “Halyk Homebank” мобильді қосымшасында қолжетімді. Тіркеу туралы мәліметтерді порталдағы “жеке кабинетте” (eGov.kz) немесе “eGov mobile” мобильді қосымшасынан тексеруге болады.