АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Полицейлер Қостанай тұрғынының ваннасынан жылан алып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Үйдегі ваннаның ішінен ұзындығы 20-25 сантиметр болатын жыланды таптық. Оның қайдан пайда болғанын біз қазір анықтап жатырмыз, ол біреулердің үй жануары болған тәрізді", – деді учаскелік Асқар Ментаев.
Кейіннен мамандар ұсталған жыланның кәдімгі су жылан екенін айтты.
Полицейлер жыланды қаладан алып шығып, табиғи ортаға шығарды. Қазан-қараша айларында сужыландар әртүрлі шұңқырлар мен саңылауларға еніп қыстайды.