Орталық Азия елдерінің жастары жалған құндылықтардың ықпалына түспеуі керек – елші

Астанада "Ресей – Орталық Азия: бірлесіп дамудың күн тәртібі" атты бірінші сарапшылық форум өтті
Sputnik
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин "Ресей – Орталық Азия: бірлесіп дамудың күн тәртібі" атты бірінші сарапшылық форумында сөз сөйлеп, елдер арасындағы достық қарым-қатынасқа сызат түсірмеу үшін жастармен жұмысты тереңдету қажеттігін атап өтті.
Бородавкиннің пікірінше, бүгінде геосаяси турбуленттілік пен әлемдік тәртіпті қайта құру кезеңінде көптеген жыл бойы барлық салада тұрақты түрде тату көршілік қарым-қатынас орнатып келе жатқан Ресей мен Орталық Азия елдерінде қастық ойлаушылар аз емес. Олар одақтастар арасына сына қағу үшін жастарды жиі пайдаланып жатады.
"Жастарымыздың жалған құндылықтар мен арандату әрекеттерінің әсерінен елдеріміз арасындағы мемлекеттік негіздер мен достық қарым-қатынасқа нұқсан келтіретін жолға түспеуі өте маңызды", - деді Бородавкин.
Еске сала кетейік, 18 қазанда Астанада "Ресей – Орталық Азия: бірлесіп дамудың күн тәртібі" атты бірінші сарапшылық форумы өткен болатын. Іс-шарада өңірлік қауіпсіздік, адами капиталды дамыту, ақпараттық саладағы өзара іс-қимыл және басқа да бірқатар мәселе талқыланды. Форумға Ресей мен Орталық Азия елдерінің негізгі институттарының басшылары мен жетекші мамандары қатысты.