АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 22-24 қазанда ауа райы қандай болатынын болжады.
22 қазанда Солтүстік циклон жырасы Қазақстан аумағына жылжиды, ол ең алдымен еліміздің солтүстік жартысына әсер етеді, өңірде қатты жауын-шашын болады деп болжанып отыр.
Еліміздің оңтүстігі мен шығысында ғана күн жылы болады, бірақ 23 қазанда ауа райы құбыла бастайды.
23 қазаннан бастап батыста, 24 қазаннан бастап солтүстікте жауын-шашын тоқтап, суықтың беті қайтады.
Өңірлердегі ауа райы
Батыста түнде 5 аяз-5 жылы, күндіз 2-12 жылы;
солтүстік, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыста түнде 0-8 жылыдан 0-8 аязға дейін, күндіз 2-10 жылыдан 2 аяз - 5 жылыға дейін төмендейді;
республиканың орталығында түнде 2-10 жылыдан 0-8 жылыға дейін, күндіз 8-18 жылыдан 3 аяз – 5 жылыға дейін төмендейді;
еліміздің шығысында түнде 3 аяз - 5 жылыдан 0-8 аязға дейін, күндіз 12-20 жылыдан 3 аяз - 5 жылыға дейін төмендейді.