Тимур Құлыбаев ҰОКҚ атқарушы комитетіне қайта сайлады

Sputnik
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдар кезеңіне Ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығы (ҰОКҚ) атқарушы комитетінің құрамына қайта сайланды.
Кандидатураны Азия олимпиада кеңесі континент өкілі ретінде ұсынды. Тимур Құлыбаев 2015 жылдан бері Құрлықтық қауымдастықтың – Азия олимпиада кеңесінің вице-президенті қызметін атқарып келеді.
Айта кетері, Тимур Құлыбаев – Халықаралық олимпиада комитетінің қоғаммен байланыс және спорт арқылы әлеуметтік даму жөніндегі комиссиясының мүшесі.
2022 жылдың қыркүйегінде Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Тимур Құлыбаевты БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы мақсаттарына қол жеткізу үшін спорттың рөлін күшейтумен айналысатын "Олимпизм 365" комиссиясына тағайындады.
ҰОКҚ атқарушы комитеті басқару органы болып саналады, оның құрамына 32 ҰОК өкілі, ҰОКҚ президенті, ҰОКҚ аға вице-президенті, ұйымның бас хатшысы және дүниежүзілік олимпиада қозғалысының ең белсенді қайраткерлері кіреді.