АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Рязань облысындағы Батыс әскери округінің полигонында мобилизацияланған әскери қызметкерлердің тактикалық, атыс қаруы, инженерлік және медициналық дайындығын тексерді.
Ресей Федерациясының басшысына майданға шақырылғандардың взвод құрамында десанттық-шабуыл жолағын еңсеру, жақын шайқаста шартты жаудың броньдалған техникасына қарсы күрес жаттығулары көрсетілді.
Путин сондай-ақ қорғаныс министрі Сергей Шойгудың мобилизацияланған азаматтардың әр түрлі әскери мамандықтар бойынша жауынгерлік дайындық курсынан өтуі, сондай-ақ бөлімшелер құрамындағы жауынгерлік үйлестіру туралы есебін тыңдады.