АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Оралдық полицейлер көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін таңертең 102 арнасына Орал қаласындағы көпір қоршауында тұрған әйел туралы хабарлама түсті.
Сол жерге келген полицейлер көпірден құлауға тырысқан әйелді көреді. Тәртіп сақшылары әйелге абайлап жақындап, қауіпсіз жерге шығарып, оны өлімнен арашалап қалды.
Белгілі болғандай, 41 жастағы қала тұрғыны күйеуімен бірге кәмелетке толмаған екі баланы тәрбиелеп отыр. Бір күн бұрын ол жұбайымен жанжалдасып, өзін-өзі өлтіруге шешім қабылдаған. Әйел мен туыстары полицейлерге құтқарғаны үшін алғыс айтты.