АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында екі сыныптың оқушылары сабақты дәлізде екі жаққа қарап оқып жатқанын жазған едік. Аудандық білім бөлімі мәселенің қалай шешілгенін айтты.
"Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында оқушылар мектепке сыймай жатыр. 800 оқушыға арналған білім ошағында 2100 бала білім алып жүр. Ал балалардың дәлізде оқығаны туралы жағдай қыркүйек айының басында болған. Өйткені бірінші сыныпқа оқушылар көп қабылданды, тоғыз сынып болды. Кабинет жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін мұғалімдер бөлмесі босатылып, оқушыларға берілді. Мәселе толығымен шешілді", - дейді Ұйғыр ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гаухар Дәуренбекова.
Мамандардың айтуынша, оқушылар 3 ауысыммен білім алып жатыр.