Астанада Республика күніне орай мерекелік отшашу болады

Sputnik
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Астанада демеушілердің қаражаты есебінен Республика күні мерекелік отшашу өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Отшашу 25 қазан күні сағат 21:00-де қаланың екі тұсында ұйымдастырылады: Атырау көпірі (қала жағалауы) және Ботаникалық бақ аумағы. Отшашудың ұзақтығы – шамамен 10 минут, ал атыс саны – 3,5 мың.
Айта кету керек, қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекеге орай 200-ден астам түрлі форматтағы іс-шаралар (концерттер, қойылымдар, көрмелер, спорттық іс-шаралар және т.б.) өткізу жоспарланып отыр, олардың жартысы бүгінге дейін өткізілді.
Мереке аясында елордада және түрлі аудандарда әр саланың еңбек сіңірген қызметкерлері, еңбек ардагерлері, батылдығымен көзге түскен азаматтар және т.б. марапатталады.
Іс-шаралар тізімін мына жерден көруге болады.