АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазгидромет 20 қазандағы ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, атлантикалық циклон жырасының әсерінен және атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, елдің басым бөлігінде жаңбыр, таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын сақталады.
Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашыз. Республиканың басым бөлігінде тұман, желдің 15-23 м/с күшеюі сақталады, елдің оңтүстік-батысында жел шаңды дауылмен болады.