АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийді қызметінен босатты.
Зеленский қол қойған жарлық Украина президенті кеңсесінің сайтында жарияланды.
"Петр Юрьевич Врублевский Украинаның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылсын", - делінген жарлық мәтінінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ Украина елшісі Петр Врублевскийдің қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатынан үзінді таратқан болатын. Онда дипломат "орыстарды неғұрлым көп өлтірсек, балаларымыздың қолы қанға соғұрлым азырақ малынады" деген еді.
Кейінірек Врублевский Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне шақырылды, ведомство оның мәлімдемесіне наразылық білдірді.
Украина елшісі Қазақстаннан кешірім сұрады.