Үштөбе қаласында теміржол рельсінің үстінен асфальт төселіп кеткен

Sputnik
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Үштөбе қаласындағы теміржол рельстерінің үстіне асфальт төсеу туралы бейнепост назарға алынды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Үштөбе қаласындағы темір жол рельстерінің үстіне асфальт төселді
"Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері аталған жерге барып, бұзушылық дерегін растады. Жөндеу жұмыстары кезінде теміржол рельстері жабылғаны анықталды. Аталған учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізген және бұзушылыққа жол берген жол ұйымы жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Полиция хабарлауынша, әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі кезде теміржол өтпелері қалпына келтірілді.