ҰҚШҰ елдері қаруландыруды стандарттау келісімінің жобасын әзірледі

Sputnik
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. ҰҚШҰ елдері қаруландыруды стандарттау келісімінің жобасын әзірледі, деп хабарлайды РИА Новости.
"Күрделі құжат, халықаралық келісім ратификациялауды қажет етеді. Біз бұл бағытта жұмыс істедік. Бүгін құжат келісілді. Енді мемлекет басшыларының қарауына ұсынылады", - деді ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары Семериков.
Ол ҰҚШҰ елдері қаруландыру мен техниканы стандарттау жағдайын саралады. Оның айтуынша, әр елде бір типті стандарттар болғанымен, айтарлықтай өзгешеліктер де бар.