Семейде 8 жастағы қызды көлік басып кетті

Sputnik
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Семей қаласында жас жігіт Lada көлігімен 8 жастағы қызды басып кетті. Бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 18 қазанда кешкі сағат 18.33-те Lada көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Өскемен көшесімен келе жатып, кішкентай қызды қағып кетті. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Бірақ 8 жастағы қыз алған жарақатынан көз жұмды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ол үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жетісу облысында 2 жасар қызды жүк көлігі қағып кетті