1995 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылған болатын. Осының негізінде 19 қазан құтқарушылар күні болып белгіленді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады.
"Сіздер өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, үнемі төтенше жағдайда жұмыс істеп жүрсіздер. Бұл мәртебелі міндетті абыроймен атқарып келесіздер.Мамандыққа адалдық таныту, ерлікке және кез-келген сынаққа дайын болу – төтенше жағдай қызметі мамандарына қойылатын басты талап. Табиғи және техногенді апаттар кезінде, күнделікті сын сәтте сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі", - деп атап өтті Тоқаев.
Айта кетері, биыл Қостанай облысында болған орман өртінен кейін мемлекет басшысы өрт сөндірушілердің жалақысын көтеріп, баспана мәселесін шешуді тапсырды.