Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин: Киев режимі келіссөзден бас тартты

Sputnik
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Киев режимі келіссөзден бас тартқанын, Ресейдің жаңа аумақтарына соққы жасауды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
"Киев режимі адамдардың еркі мен таңдауын мойындаудан бас тартты, келіссөз туралы кез келген ұсынысты кері қайтарып отыр. Керісінше, атқылау жалғасып, бейбіт тұрғындар көз жұмып жатыр", - деді Путин Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.
Оның айтуынша, неонацистер террористік әдістерді ашық қолданып жатыр: тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында диверсия, жергілікті билік өкілдеріне қастандық жасалып жатып, деп хабарлайды РИА Новости.
Ресейде 21 қыркүйекте жартылай мобилизация басталды. Ресей Федерациясының үкіметінде мәлімдегендей, мобилизация 1 мың километр майдан шебін және Украинадағы азат етілген аумақтарды бақылауға мүмкіндік береді.
Барлығы 300 мың адам майданға шақырту алады. Бұл ең алдымен әскери тәжірибесі бар азаматтарды қамтиды.