АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. РФ президенті Владимир Путин Херсон, Запорожье, ЛХР және ДХР-де әскери жағдай енгізілетінін мәлімдеді.
"Донецк халық республикасы, Луганск халық республикасы мен Херсон, Запорожье облыстарында Ресей Федерациясының құрамына енгенге дейін әскери жағдай болған еді. Қазір де бұл жағдайды ресейлік заңнама негізінде енгізу қажет. Мұны бекіту Федерация кеңесіне жолданды", - деді Путин Ресейдің қауіпсіздік кеңесінің отырысында.
Төрт өңірдегі әскери режим 20 қазаннан бастап енгізіледі.