Тоқаев мемлекеттік ту челленджін қолдады

Sputnik
АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев продюсер Нұрлан Қоянбаев бастаған мемлекеттік ту челленджін қолдады.
Бұл туралы продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Достар, біздің жобаны президент қолдады!", - деді ол.
Нұрлан Қоянбаев осыдан екі жыл бұрын әлеуметтік желідегі жазбасының астына ең көп пікір қалдыру челленджін бастады. Ал маусымда суретке 100 миллионнан астам пікір жинап, Гиннестің жаңа рекордын орнатуды ұсынды.