АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. WBA, WBC, WBO мен IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес үш қазақстандық боксшыларды мақтап, болашақ чемпион деп атады.
Желіде тараған видеода Канело көлікте қара джиптің алдыңғы орнында отыр. Ал "Қазақстан" деген сөзді естіген бойда: "Қазақстан, қараңыз, мына жерде келесі әлем чемпиондары тұр", - дейді.
Сосын кәсіпқой бокстағы Қазақстанның үш жас боксшысын көрсетеді. Олар: Әбілхан Аманқұл, Бек Нұрмағамбет пен Евгений Павлов.
23 жастағы Евгений Павлов екінші ең жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүр. Барлық жеті жекпе-жекте жеңіске жетті. 25 жастағы Әбілхан Аманқұл АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін техникалық нокаутпен аяқтады.
Ал 24 жастағы Бек Нұрмағамбет екі жылдың ішінде жеті жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Үшеуі де Suleimen Promotion компаниясының атынан шығып жүр.