АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдан жыл соңына дейін бес бағытта жаңа әуе рейстері ашылады. Ал келесі жылы тағы алты бағытта ұшуға болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
19 қазаннан бастап Ақтөбеден Таиландтың Пхукет аралдарына рейс ашылады. Ал 24 қазаннан бастап қала тұрғындары Дубайға, қарашада Ташкент пен Самараға ұша алады.
Бұдан бөлек, 1 қараша Орал қаласына да тұрақты рейс ашылады. Ұшақтар сейсенбі және сенбі күндері ұшатын болады.
"2023 жылдан бастап Ақтөбеден Көкшетау, Өскемен, Шымкент қалаларына, сондай-ақ, Үрімші, Чехия астанасы Прагаға жаңа рейстер ашылады", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, бүгінде халықаралық әуежай 12 бағыт бойынша жолаушыларға қызмет көрсетеді. 2022 жылы Антальяға қатынайтын рейстер саны аптасына 6 рет, Мәскеуге 4 ретке ұлғайтылды. Шілде айында Бакуге рейстер ашылды.