Фото

Әлемдегі жойылу қаупі төнген жануарлар – фото

Sputnik топтамасында жер бетінен жойылу қаупі төнген жануарлардың суреттері ұсынылған
Sputnik
Адамдар жойылу қаупі төнген аң-құстарды сақтап қалуға тырысып жатыр. Адам баласы салған күш-жігердің арқасында кейбір жануарлардың түрі бүгінде көбейген. Сирек кездесетін суреттерді топтамадан тамашалаңыздар!
1 / 18

Бұл әлемдегі ең сирек кездесетін тырналар. Америкалық тырналар жұбы және олардың 11 күн бұрын туған балапаны Луизиана штатындағы өзенде тыныстап жатыр.

2 / 18

Бес жасар ұрғашы Амур жолбарысы Яшма Красноярск қаласындағы флора және фауна саябағына үйренісіп жатыр. Оны бұл жаққа жақында Ярославль хайуанаттар бағындағы Амур жолбарысы Бартекпен шағылыстырып, ұрпақ санын көбейту мақсатында жеткізілген. Бұл шара сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды сақтау бағдарламасы және Амур жолбарысын сақтаудың халықаралық бағдарламасы аясында орындалып жатыр.

3 / 18

Колумбияда аналары аңшылардың қолынан мерт болған маймылдардың балалары орналастырылатын оңалту орталығындағы қоңыр жүнді маймылдың баласы.

4 / 18

Жойылу қаупі төнген мүйіс суқұзғындары Кейптаун жағалауында көзге түсті. Ғалымдардың пайымдауынша, ата-аналары тамақтың, атап айтқанда, анчоустың тапшылығына байланысты балапандарын тастап кетеді.

5 / 18

Яван баяу лориі әлемдегі жойылып бара жатқан маймылдардың сегіз түрінің бірі болып саналады.

6 / 18

Мәскеу облысының Волоколамск ауданындағы Мәскеу хайуанаттар бағының Сирек кездесетін жануарлар түрін көбейту орталығында Қиыр Шығыстағы қабыландарды өсіру бағдарламасына қатысу үшін Владивостоктан әкелінген қабылан.

7 / 18

Сингапурдағы Геометрика есімді Филиппин бүркіті.

8 / 18

Комодо келесінің төрт айлық баласы Шығыс Ява провинциясындағы Сурабая хайуанаттар бағындағы қоршаудағы демалып жатыр.

9 / 18

Орман шаруашылығы қызметкерлері Гувахатиден шамамен 146 километр жерде орналасқан Манас ұлттық саябағында төрт жабайы шошқаны жабайы табиғатқа жіберіп жатыр. Әлемдегі ең сирек кездесетін және ең кішкентай саналатын бұл шошқаларға да жоғалу қаупі төнген.

10 / 18

Жануарларды күтуші Сингапурдағы Бинтанг есімді салпыерін бұзауына күтім жасап жатыр. Жойылу қаупі бар бұзау 28 маусымда дүниеге келген. Ол "Түнгі Сафари" атты әлемдегі алғашқы түнгі хайуанаттар бағында табиғатты қорғау бағдарламасының бөлігі ретінде қамауда өсірілген 32-ші салпыерін.

11 / 18

Ниигата префектурасының Садо аралында тұтқында болған Токи құсы. Жиырма жылға жуық уақыт ішінде Садодағы жабайы жануарлар популяциясы халықаралық дипломатияның, ғылыми зерттеулердің және Жапонияның батыс жағалауындағы аралдағы ауылшаруашылық революциясының арқасында нөлден 500-ге дейін өсті.

12 / 18

Венесуэла Андтарының шағын бөлігінде ғана кездесетін кішкентай қосмекенді Mucuchies бақасы.

13 / 18

Уэльвадағы Донана табиғи саябағындағы "Эль-Асебухе" ибериялық сілеусін обсерваториясындағы Пиреней сілеусіні.

14 / 18

Түнде жер астындағы туннельден шығып бара жатқан панголин.

15 / 18

Гепардтарды қорғау қорының волонтеры Харгейса (Сомалиленд) қаласындағы нысандардың бірінде тордағы гепардтармен ойнап жатыр. Жыл сайын 300-ге жуық гепард баласы Сомалиленд арқылы дәулетті адамдарға сатылады.

16 / 18

"Қаршыға" тасбақаның баласы мұхитқа жіберіліп жатыр.

17 / 18

Америкалық койот. Мәскеу хайуанаттар бағындағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мекендейтін орын. Волоколамск ауданындағы Сычево ауылы.

18 / 18

Үндістандағы Саккарбауг хайуанаттар бағында ашық қоршауда жатқан арыстан балалары. Бұл абдандар Жойылу қаупі төнген азиялық арыстандарды өсіру бағдарламасына қатысады.