АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Қазақстанның оңтүстігінде шекарашылар ірі көлемде есірткі тасымалдаған шетелдікті ұстады.
ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы "Қордай" автомобильді өткізу пунктінде контрабандалық есірткінің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті.
"Қырғыз Республикасының азаматы жүргізген көлікті тексеру кезінде 10 келіден астам психотроптық зат табылды", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.