АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Биыл 9 айда қазақстандықтарға 2,2 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді, деп хабарлады еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қыркүйек айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 244,8 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 74,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 170,3 млрд теңге бағытталды.
Қазақстанда барлығы 2,261 млн зейнеткер бар.
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 171 теңгені құрады.