АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 411 бұйрығында сырттай және кешкі оқу, сондай-ақ экстернат формасында білім алуға болатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктері тізіміне өзгерістер енгізілді.
Тізімнен физикалық және математикалық ғылымдар, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, химиялық инженерия, электротехника, механика мен металл өңдеу, өндірістік және өңдеу салаларының бірқатар мамандығы алынып тасталды.
Осылайша, бұйрыққа сәйкес, енді осы мамандықтарды сырттай оқуға болмайды.
Ал мына мамандықтар бойынша сырттай оқуға рұқсат етіледі:
кітапханашы;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың технигі;
техник-технолог, электрик, жылу энергетигі, электромеханик, металлург және тағы басқа;
агроном, орман шебері;
тасымал ұйымдастырушысы;
фельдшер, ветеринарлық фельдшер;
спорттан жаттықтырушы-оқытушы;
цирк, хор, академиялық ән салу мен эстрада әртістері, осы саладағы оқытушылар.
Бұйрық 2022 жылғы 25 қазанда күшіне енеді.