Гранттың ақшасын талан-таражға салған мемлекеттік қызметші ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Петропавл қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы тергеуге алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Бөлім маманы бизнес-идеяларды іске асыру бойынша 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша гранттарды ресімдеумен айналысты. Бірақ гранттар шын мәнінде берілмеді.
Қылмысқа қатысы бар деген адамдар ақшаның бәрін жеке мақсатта пайдаланған. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Cоттың шешімімен күдікті екі айға үйқамаққа алынды. Тергеуден кейін сот үкімі шығарылады.
Агенттік тергеушілері видеоны да жариялады. Онда ұялы телефондар мен көлік кілтінің тәркіленгенін анық көруге болады.