Өңірлер

ІІМ Жаңаөзенде түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берді

Sputnik
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Жаңаөзенде полицейдің ер адамды қуып бара жатқан видеосы тарады. Қашып бара жатқан тұрғын да полицей екені хабарланды. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты растап отыр.
Оқиға 6 қазанда Жаңаөзен қаласында болған. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Қызметкердің іс-әрекетін тәртіптік комиссия қарастырады, деп жазады Polisia.kz.

"Сағат 12.00-де Жаңаөзен қаласының патрульдік полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген Toyota Crown-ды тоқтатты. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 4-бөлігі ("Көлікті пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.", - делінген ақпаратта.
Автокөлік айып тұрағына қойылып, материал сотқа жіберілген.