Денсаулық

Аяқ үнемі тоңып жүрсе, қандай дерттің белгісі болуы мүмкін - дәрігер жауабы

Sputnik
АСТАНА, 16 қазан - Sputnik. "Гемотест" зертханасының невропатологы, медицина ғылымдарының кандидаты Екатерина Демьяновская аяқ үнемі тоңып жүрсе, қандай дерт белгісі болуы мүмкін екенін айтты.
Оның айтуынша, бұл анемия, атеросклероз, қант диабеті, вегетативті дисфункция, гормоналды проблемалар сияқты аурулардың белгісі болуы ықтимал.

"Аяқ түрлі себепке байланысты тоңуы мүмкін. Диагнозды нақтылау үшін пациентке кешенді тексеру жүргізу қажет", - деп түсіндірді Демьяновская.

Ең алдымен, эритроциттердің санын біліп, гемоглобин деңгейін анықтау арқылы жалпы қан анализін тапсыру керек.
"Егер гемоглобин төмен болса, бұл темір тапшылығы анемиясының белгісі болуы мүмкін. Тәуекел тобында бұл жерде бірінші кезекте вегетариандар бар. Олардың диетасында темірдің ең сіңімді түріне бай тағамдар әлдеқайда аз", - деді дәрігер.