АЛМАТЫ, 16 қазан - Sputnik. Ақмолалық әйел алаяқтардың құрығына түсіп қалды. Әлеуметтік желі сілтеме бойынша өткен ақмолалық тұрғын 5 млн теңгесінен айырылды– деп хабарлайды Polisia.kz.
Интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен Ақмола облысының тұрғыны 11 қазанда Көкшетау қаласының полиция басқармасына шағымданады.
Айтуынша, қыркүйекте әлеуметтік желіде оның назарын капиталды көбейту және дивидендтер алу мүмкіндігі туралы хабарлама аударған. Аталған сілтеме бойынша өтіп, шағын сауалнаманы толтырған ақмолалық тұрғын бағдарламаға тіркелген. Сол мезетте оның телефонына бір консультанттан қоңырау түскен. Күні бойы алаяқтар өтініш берушіні барлық нұсқауларды орындау және ақша аудару қажет деп сендірген. Ақыры айлаларын жүзеге асырған.
Алаяқтар деректемелері бар жалған құжаттар ұсынған. Тұрғын талап етілген соманы аудару үшін депозиттегі жинақтарды пайдаланып, достарынан қарыз алған, сондай-ақ банкте несие рәсімдеген. Алаяқтарға аударылған жалпы сома – 5 миллион теңгеден астам.
Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Алғашқы тергеу әрекеттері аясында хат-хабарлар, қоңыраулар түскен телефон нөмірлері тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр. Полицейлер тұрғындарды қырағы болуға шақырады.