АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Астанада Қазақстан және Түрікменстан президенттері арасындағы келіссөз аясында 14 құжатқа қол қойылды.
Бір қызығы, түрікмен делегациясының киім кию үлгісі БАҚ өкілдерінің назарын ерекше аударды. Қара киімді делегаттар арнайы қызмет агенттеріндей көрінді.
Делегациядағы нәзік жандардың да киім кию сипаты тәнті етті.
Бүгін Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедовтың Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары болды. Алайда көрші елдің президенті алдымен Орталық Азия-Ресей саммитіне қатысу үшін Астанаға ертерек келді.