Әлем

Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Sputnik
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.
Ол Түркияның Бартын провинциясындағы шахтада болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген.
"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғы-қасіретке ортақтасамын. Алла Тағаладан қаза тапқандардың жаны жәннатта болуын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін", - деп жазылған жеделхатта.
Жарылыстан 40 адам көз жұмған. Төтенше оқиға кезінде шахтада 115 кенші болған.