ТМД-да халықаралық ұйым құрылады

Мұндай идеяны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған
Sputnik
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. ТМД-да орыс тілін ілгерілету жөніндегі халықаралық ұйым құрылады. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин ТМД мемлекет басшылары кеңесінің саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Путин екі жыл бұрын 2023 жылды ТМД-да ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде орыс тілі жылы деп жариялау туралы шешім қабылданғанын еске салды.
"Біз оны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған жаңа қызықты жобамен бастағалы отырғанымыз. Бұл ТМД қолдауымен орыс тілін ілгерілету жөніндегі халықаралық ұйым құру. Біз бұл бастаманың жүзеге асуына бар күшімізді саламыз. Мынаған назар аударғым келеді: бұл қандай да бір күні бұрын дайындалған дүние емес, бұл Қазақстан президентінің идеясы. Ол бұл ұсынысы жайлы менімен бұған дейін бөліскен болатын. Әрине, Ресей бұл бастаманы қолдайды", - деді Путин саммитте.