АЛМАТЫ, 14 қазан – Sputnik. Қостанай облысы Рудный қаласында 6 жасар екі бала түсініксіз жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Балалар Рудный ауруханасына жедел жәрдем бригадасымен 12 қазанда сағат таңғы 8 шамасында түскен. Аяқтары жансызданып, денесі қалшылдаған балалар құсқысы келетінін айтып шағымданған.
"Балаларға инфузиялық терапия жүргізілген. Ауруханадан шыққанда балалардың денсаулығы қалыпты болған", - дейді Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Балалар ауруханадан шыққан соң 12 сағаттан кейін қайтыс болған.
Айта кетері, балалар дәрігерлер бақылауында бір-ақ күн болған.
Жергілікті полиция осы фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.