Саясат

Путин Орталық Азия елдерін Ауғанстандағы тәлібтермен диалогқа үндеді

Sputnik
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысымен қарым-қатынас орнатуға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Путин Орталық Азия Ауғанстанда жаңа азаматтық соғысқа жол бермеуге мүдделі болуға тиіс екенін атап өтті.
"Тәлібтер қозғалысының басшылығымен қарым-қатынастың қажетті деңгейін қолдаймыз. Бізге Ауғанстанның қазіргі билігімен жұмыс істеу керек, әрине", - деді Ресей президенті Астанада өтіп жатқан "Орталық Азия – Ресей" саммитінде.
Айта кетері, Астанада алғашқы "Ресей – Орталық Азия" саммиті өтіп жатыр. Жиын қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланып отыр.
Шараға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері қатысуда.
Экономика
Путин Орталық Азия елдерін импортты алмастыру жобаларына қосылуға шақырды