АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі "ресейлік мигранттар" туралы видеоның Қазақстанда түсірілгеніне дәлел жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлады Stopfake.kz.
"Жесть дня" Telegram каналында Қазақстан қалаларының бірінде ер адамды ұрып-соғып жатқаны жайлы видеосы жарияланды. Ондағы мәліметке қарағанда, зардап шегуші Ресей Федерациясынан келген мигрант, ал бұзақылар Қазақстан азаматтары көрінеді.
Видеода жанжалға ұлтаралық алауыздық себеп болғаны айтылған.
"Қазіргі уақытта ішкі істер органдары осы видео бойынша тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар полицияға өтініш түскен жоқ", – деп түсіндірді ІІМ баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, видеоның Қазақстанда түсірілгеніне дәлел жоқ.
Бұл кадрларды Қазнет пайдаланушылары да талқылап жатыр. Мысалы, блогер Ұлан Әбішев ұлтаралық алауыздықты қоздыруға бағытталған бұл видеоны қойылым деп санайды.
"Түрлі ақпараттың, фейктердің көп таралуына, сайттарға жасалған DDoS-шабуылдарға қарағанда, біреулер Қазақстанға қатысты ақпараттық науқан жүргізіп жатқанға ұқсайды",- деп жазды ол желідегі парақшасында.