Өңірлер

Маңғыстаулық мәдениет үйінің маманы республикалық акцияның бас жүлдесін жеңіп алды

Sputnik
АЛМАТЫ, 14 қазан - Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткен "Мен қазақша сөйлеймін" акциясының жеңімпаздарын марапаттады.
Республикалық шараға орыс, әзербайжан, өзбек, неміс этносы өкілдері қатысты. Сондай-ақ, рутул этносының өкілі мұндай акцияда бірінші рет бақ сынады.

"Жүзден – жүйрік" жеңімпаздарды анықтау бейнематериал астындағы "лүпіл" саны арқылы анықталды. Нәтижесінде Маңғыстау облысы топ жарды. Бас жүлдені Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Гасангусейнова Виктория жеңіп алды.

Сондай-ақ бірінші орын да Маңғыстау облысына бұйырды. Ал екінші орын Шығыс Қазақстан, үшінші орында Жамбыл облысының үміткерлері топ жарды. Акцияның бас жүлдегеріне 100 мың теңге сыйлық табысталады.