АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Асылжан Бектай ауыр атлетикадан 89 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды, деп хабарлады Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы.
Қазақстандық ауыр атлет екі жаттығудың қорындысы бойынша 362 (165+197) келіні көтерді, серпе көтеруде "күміс" және жұлқи көтеруде "алтын" иеленді!
Сондай-ақ бұл салмақта еліміздің тағы бір өкілі – Кирилл Староверкин болды. Оның нәтижесі – 330 (153+177) келі және турнирлік кестеде 7-ші орын.
Бахрейндегі Азия чемпионатында ұлттық құрамамыздың қоржынына екінші "күмісті" Арай Нұрлыбекова салды.
Бұған дейін қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло 55 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанғанын хабарлаған едік.