Алматыда 9 айда қатерлі ісікке шалдыққан 3,6 мыңнан астам науқас анықталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 14 қазан — Sputnik. Алматыда 9 айда қатерлі ісік дертіне шалдыққан 3,6 мыңнан астам науқас анықталды. 2022 жылы есепке қойылған науқастардың саны өткен жылмен салыстырғанда 303 адамға артты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Онкологиялық аурулар арасында бірінші орында сүт безі обыры, екінші орында колоректальды обыр, үшінші орында өкпе обыры, төртінші орында асқазан обыры тұр. Қатерлі ісіктердің ерте диагностикасы 36,3%-ға дейін өсті.
"Уақытылы диагноз қою қатерлі ісік ауруын ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді, соның арқасында бізде адамды емдеу мүмкіндігі жоғары, кейбір жағдайларда толығымен емдей аламыз",-дейді Алматы онкология орталығының директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов.
Тиімділігі дәлелденген скрининг әдістері:
40-70 жастағы әйелдерге сүт безі обырының маммографиялық скринингі 2 жылда 1 рет;
30-70 жастағы әйелдерге жатыр мойны обыры және жатыр мойны обырының цитологиялық скринингі 4 жылда 1 рет;
қан сынағы, колоноскопия арқылы тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігінің скринингі 50-70 жастағы адамдарға 2 жылда 1 рет жасалады.