Әлем қауымдастығының Ресейге қатысты көзқарасы өзгеріп жатыр

Sputnik
Жарты жылға жуық уақыт бойы Украина бүкіл әлем алдында өзін әскери іс-қимылдан зардап шегіп жатқан тарап ретінде танытуға тырысып келеді. Алайда, әлемдік қауымдастық Вашингтон мен Лондонның Киевке тонналап қару-жарақ тасымалдап, жалдамалы жауынгерлерді аттандырып жатқанының куәсі болып отыр, деп жазды РИА Новости.
Белгілі бір уақытқа дейін бұл іс-қимыл "орыс империализміне қарсы Украина соғысы" ретінде сипатталды. Ал қазір вашингтондық режим Ресейге қарсы тікелей және ашық терроризмге көшті. "Солтүстік ағын – 2" газ құбырындағы жарылысқа кімнің жауапты екенін де бүкіл әлем анық түсініп отыр. Жарылғыш затты Балтың теңізінің түбіне жеткізе алатын озық суасты пилотсыз қайықтар америкалықтардың ғана басқаруында бар.
"Сондықтан әлемдік қауымдастық бұл терактіге америкалықтар мен ағылшындарды айыптауды құптайды. Ал Ресей президенті Владимир Путин ол диверсияны "англосаксондық" деп атап, көптің көкейінде жүрген ойды ашық айтты. Сол сияқты, Подмосковьеде танымал философ, Ресей тәуелсіздігі үшін интеллектуалды күрес көшбасшысының қызы Дарья Дугинаның машинасын жарып жіберуге де тікелей америкалықтар мен ағылшындар қатысты екенін әлемдік қауымдастық түсініп отыр", - деп жазды мақала авторы.
Автордың пікірінше, жақында ғана Ресейді терроризмнің демеушісі ретінде жарияламақ болған АҚШ бүгінде терроризмді ұйымдастырушы болып отыр. Осы жағдайды жуып-шаю үшін New York Times газеті белгісіз америкалық арнайы қызмет өкілдерінің Вашингтон Подмосковьедегі терактіден бейхабар болғаны, мұның барлығына Киев режимі кінәлі екені туралы мақала жариялады.
Ал Politico америкалық журналы New York Times мақаласы арқылы Вашингтон Зеленскийге мұндай терактіге жол бермеу туралы ескертіп, одан бойын аулақ ұстауға тырысып жатқаны байқалатынын жазды.
Бірақ осы ескертуден кейін бірнеше күн өткенде Қырым көпірінде жарылыс болды. Бұл оқиға әлем елдері көшбасшылары тарапынан қатаң сынға ұшырады. Себебі қазір америкалықтардың іс-қимылын өздеріне бағытталған әрекет ретінде қабылдап отыр.
Қазір әлемдік ақпарат алаңында Мәскеуді "жексұрын" етіп көрсету әрекетінен нәтиже төмен. Себебі, бүкіл әлем арнайы әскери операция кезінде Ресей жауапкершілік пен гуманизмді басшылыққа алып отырған көріп отыр. Ал батыстағы БАҚ Қырым көпіріндегі жарылысты наурызда жоспарлағанын растайтын құжаттарды жариялауы ақиқаттың бетін ашып отыр.
"Диверсия авторы – британдық ардагер Майкл Уорд – Grayzone журналистеріне берген сұхбатында өзінің авторлығын жоққа шығарған жоқ. Ол өз жоспарын британ барлау қызметіндегі жоғары лауазымды қызметкер Крис Доннеллиге жолдаған. НАТО бірнеше бас хатшысы кезінде кеңесші қызметін атқарған Донелли Ресейге қарсы соғысты мұнай, газ, ақпарат, дипломатия, мәдениет салаларында жүршізу керектігін айтады", - деп жазды автор.
Донеллидің пікірінше, НАТО қазір ескірген құрылым болып отыр. Ол блоктың жұмысын жандандыру үшін Солтүстікатлантикалық келісімшартты қайта жазуды ұсынады. Оның пікірінше, құжаттағы "қарулы шабуыл" сөзін жай ғана "шабуыл" сөзіне алмастыру керек. Сонда блокқа мүше мемлекеттер сол "шабуылға" қатысты әрекет ете алады. Ол "шабуыл" газ бағасын өсіру, газеттегі мақала түрінде болуы да мүмкін.
Негізінен, Донелли НАТО блогына негізделген жаһандық әскери диктатура құруды құптайды. Сондықтан ол инфрақұрылымдардағы диверсия, жойқын теракт, сынды әрекеттерді жақтап отыр. Қазір мұндайды гибридті соғыс теориясы ретінде қарастырады. Ал ескі ұғым бойынша бұл терроризмге арналған идеялық базаны ақтау болады.