АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. РФ президенті Владимир Путин Палестина басшысы Махмуд Аббаспен кездесу кезінде Ресейдің палестиналық-израильдік қатынасты реттеуге қатысты көзқарасы өзгермейтінін атап өтті, деп хабарлайды РИА Новости.
"Палестиналық-израильдік мәселелерді реттеуде Ресейдің позициясы принципшілдік сипатта, ол БҰҰ шешіміне негізделген және өзгермейді. Бұл жерде ешқандай күмән жоқ. Біз халықаралық құқықтық базада үнемі әділ реттеу жағындамыз", - деді Путин халықаралық саммит аясындағы екіжақты кездесуде.
Путин Ресей болып жатқан мәселелерді жіті бақылап отырғанын және Аббастың жағдайға қатысты ойын естуге риза екенін атап өтті.
РФ президенті мемлекет басшылары пандемиялық шектеулерге байланысты біраз уақыт кездеспегенімен, екі ел үнемі байланыста екенін де айтты.