Оқиға

Ақтөбе облысында автобус аударылды: зардап шеккендер бар

Sputnik
АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Ақжар ауылының маңындағы Самара - Шымкент автожолында Setra жолаушылар автобусы аударылды.
Автобус жүргізушісі көлікті сол жақ кюветке аударып алған. Автобуста 52 жолаушы болған, олардың барлығы ауысымға бара жатқан күзет агенттігінің бірінің қызметкерлері.
Салдарынан әртүрлі дене жарақаттары бар 9 жолаушы Хромтау қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.